Главное Свежее Вакансии Образование
146 0 В избр. Сохранено
Авторизуйтесь
Вход с паролем

Сапа саласындағы байқаулар бизнеске бренд ретінде танылуға мүмкіндік береді – Айтуар Қошмамбетов

Қазір бүкіл республика бойынша Қазақстанның үздік тауары өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр, онда отандық тауар өндірушілер сапа саласындағы өз жетістіктерін растап, шығарған тауарын өндірушілер көрмесіне ұсына алады.

Байқаулардың шарттары мен бизнесмендерге арналған мүмкіндіктер туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтып берді.

— Айтуар Асқарұлы, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы туралы айтып өтсеңіз.

— «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы ішкі нарықтың үздік өндірушілерін анықтау үшін өткізіледі. Байқау мақсаттарының бірі — отандық өнімнің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары отандық өндірушілердің нақты әлеуетін көрсететінін атап өткім келеді. Eгжей: https://atameken.kz/kk/news/47522-konkursy-v-oblasti-kachestva-dayut-biznesu-vozmozhnost-sostoyat-sya-kak-brend—ajtuar-koshmambetov #РППАлматы

0
В избр. Сохранено
Авторизуйтесь
Вход с паролем